Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Астана – хореография өнері саласындағы мәдениетаралық коммуникациялар және халықаралық ынтымақтастық орталығы»

2018 жылдың 19-20 қазанында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Астана – хореография өнері саласындағы мәдениетаралық коммуникациялар және халықаралық ынтымақтастық орталығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Академияда алғаш рет өткен Халықаралық конференцияда Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің 25 мекемесінен 60-тан астам адам қатысты. Ресей, Болгария, Белоруссия, Латвия, Эстония, Финляндия, Мысыр, Өзбекстаннан баяндамалар түсті.

Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Жанна Женисовна Толысбаева – «Біз үшін, іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде  конференцияның тақырыбы Астана бейнесіне қатысты болғандықтан, қатысу өте маңызды. Хореография өнері, басқаға қарағанда, қоғамның ұжымдық санасының даму деңгейін қамтып көрсетеді. Егерде қоғамда бірлесуге, әңгімелесуге, түсінісуге ұмтылыс болса, балет өнері де дамиды. Осы мағынада Астана – хореография өнері саласындағы мәдениетаралық коммуникациялар және халықаралық ынтымақтастық орталығы туралы  конференцияны  ұйымдастыру және өткізу, «сын тас» секілді әңгімелесуге даярлық деп өз ойымен  бөлісті.

Негізгі акцент практикалық бөлімінде шығатын болғандықтан, хореографияның ерекшелігі конференцияны өткізу форматында байқалды: шебер-сыныптар, қонақтық дәрістер, еңбектердің тұсаукесерлері. Шақырылған қонақтардың ішінде профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясы “Балет режиссурасы” кафедрасының меңгерушісі – А.М. Полубенцев; Ресей театр өнері академиясы хореография кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты – М.Е. Валукин; Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, «Құрмет» орденінің кавалері, Абай атындағы МАОБТ бас балетмейстері –          Г.У. Туткибаева; өнертану магистрі, қоғам қайраткері, А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің жетекші педагогі, «Балет әртістерінің кәсіби біліктілігі» эксклюзивті баспасының авторы                       Капанова Г.Ж.

«Арт-менеджмент» мамандығы  студенттеріне Латвиядағы қазіргі артиндустрияның даму бағыты, арт-менеджменттің даму мүмкіндігі туралы қонақтық дәрісті Латвия мәдениет колледжінің директоры Сандра Плота оқыды.

Конференцияда қызықты баяндамамаен Эстониядан келген қонақтар шықты – Таллин университетінің PhD докторы Хейли Эйнасто, PhD докторы Силли Каппер. Конференция күндері Таллин университеті мен Қазақ ұлттық хореография академиясы арасындағы екі ұжымның ынтымақтастық бағыты мен мүмкіндіктері талқыланады.

Пікірталас алаңы форматында секциялық отырыстар өтті: «Үздіксіз хореографиялық білім: теориялық-әдістемелік аспект және тарихи тәжірибе»,

«Ұлттық хореография өнері: тарих, теория және тәжірибе мәселелері», « Білім, ғылым және өнердегі қазіргі заманғы үрдістер».

 

Яндекс.Метрика