Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жастар синергиясы

28-30 қарашада Астана маңында Астана қаласының Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар синергиясы» қысқы лагері өтті.
Өнер факультетінің студенттері Ошақбаева Аида, Әуезханов Әзірхан, Иманқұлова Жадыра екі-үш күн бойы жетекші коучтердің, бизнес-тренерлердің, елімізге танымал тұлғалардың тренингтерін тыңдады. Әрбір қатысушы арнайы шақырылған коучтердің, бизнес-тренерлердің, елімізге танымал тұлғалардың және өзінің стейкхолдерлерімен бірлесіп өз жобасын талқылап, жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.
«Жастар синергиясы» лагері – бұл стартаптарды іске асыруға арналған алаң секілді және талантты жастардың өз батыл ойларын жүзеге асыра алатын орын. Лагерьге қатысушылар «Жастардың әлеуметтік дамуы», «Жастар және бизнес», «Жастар, мәдениет және спорт», «Жұмыссыздықтың алдын алу және кәсіби бағдар беру жұмысын өткізу», «Жастар ақпарат толқынында» бағыттары бойынша өз жобаларын таныстырады.

Яндекс.Метрика