Қабылдау комиссияларының байланыстары

Онкологиялық орталықтағы қайырымдылық концерті

Бүгін Хореография факультетінің ұжымы концертмейстер Гүлнәр Хамидоллақызы Серкебаеваның бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің «Онкологиялық орталығында» 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған қайырымдылық концертімен өнер көрсетті.

Қазақстан – бұл көп ұлтты ел, мұнда 150 аса ұлт пен халық тұрады.  Халық ынтымағы үшін елімізде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні. 

Мерекеге тек мәдени орталықтар ғана емес, сонымен қатар еңбек ұжымдары, ЖОО студенттері, әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады. 

Қазақстанда тұратын әртүрлі этностардың ұлттық билерінен құрастырылған бағдарлама көрермен назарына ұсынылды:

  1. Дәулеткерей. «Қосалқа» / орындаған «Хореография педагогикасы» мамандануының 4 студенттері
  2. Халық музыкасы. «Тым-тым» қырым-татар биі / орындаған «Хореография педагогикасы» мамандануының 3 курс студенті Мавлютдинова Руфина
  3. Secret garden. «Жапон биі» / орындаған «Хореография педагогикасы» мамандануының 2 курс студенті Курмантаева Ляззат
  4. Халық музыкасы. «Нар-нари» грузин халық биі / орындаған «Хореография педагогикасы» мамандануының 4 курс студенттері
  5. Jose Feliciano. «Love story» / орындаған «Спорттық-бал биі педагогикасы» мамандануының 1 курс студенттері және «Хореография педагогикасы» мамандануының студенттері Карев Рустам және Рахмет Даяна.
  6. Музыкасы И.Зубковтікі, сөзі К. Арсеневтікі. «Әйел бақыты» / орындаған «Үздік концертмейстер» номинациясының иегері, Халықаралық және Республикалық конкурстар мен фестивальдердің дипломанты Серкебаева Гүлнәр Хамидоллақызы.
  7. В. Обломов. Сиқыршы. «Хореография режиссурасы» мамандануының 4 курс студенті Разалия Фазылованың қойылымы / «Хореография режиссурасы» мамандануының 4 курс студенттері Сайлауова Арайлым және Қасым Жанна
  8. «Черноморочка» казак халық биі / орындаған «Хореография педагогикасы» мамандануының 2 курс студенті Акмурзина Аяулым.
  9. Халық музыкасы. «Плескач» украин халық биі / орындаған «Хореография педагогикасы» мамандануының 4 курс студенттері.
  10. «Dolce Vita» / орындаған «Жыл концертмейстері» дипломының иегері Серкебаева Гүлнәр Хамидоллақызы
  11. Pussycat Dolls «Sway» / орындаған «Спорттық-бал биі педагогикасы» және «Хореография педагогикасы» мамандануының 1 және 4 курс студенттері  

Қазақ ұлттық хореография академиясының бүкіл ұжымы атынан баршаңызға мықты денсаулық, ашық аспан және жарқын көңіл күй тілейміз! Бақытты болыңыздар!!!

Яндекс.Метрика