Қабылдау комиссияларының байланыстары

Оқушылардың сыныптық концерті

Оқытушы Г.Х. Серкебаеваның сыныбы

2019 жылғы 19 сәуірде акт залында сағат 17.30-де оқытушы Г.Х. Серкебаеваның сыныбы «Оқушылар концертін» қойды. Концертке мектеп-колледждің 5-6 сынып оқушылары, «Қосымша білім беру» құрылымының оқушылары, сондай-ақ шақырылған әртістер: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері – «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы қатысты. Концерттің тақырыбы «Музыка мен кинодағы жануарлар әлемі». Әртүрлі дәуірлер мен бағыттардың көптеген композиторлары бағдарламалық туындылар шығарған, олардың тақырыбы жануарлар әлемінің жарқын бейнесінде ұсынылды, көбінесе бұл туындылардың бағыты мен мазмұны балаларға арналған, олардың мақсаты – жас музыканттарды музыкалық мәнерліліктің сан алуан құралдарымен таныстыру. «Концертмейстерлік шеберлік және музыкалық пәндер» секциясы оқытушы Г.Х. Серкебаеваны сынып оқушыларының концертке жақсы дайындалып, ойдағыдай өнер көрсетуімен құттықтайды және одан әрі шығармашылық табыстар тілейді.

 

 

Яндекс.Метрика