Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореограф Мишель Пирсон және Айова Университетінің оқытушысы Дамани Филипстің шеберлік сыныптары

23 мамырда Академияда талантты хореограф Мишель Пирсонның Хореография факультетінің студенттеріне және Айова Университетінің оқытушысы Дамани Филипстің Арт-менеджмент мамандығының 1-3 курс студенттеріне арналған шеберлік сыныптары өтті. 

Мишель Пирсон – биші, хореограф және оқытушы, «Black Box Dance Theatre» компаниясының көркемдік жетекшісі. Пирсон ханым «Liz Lerman Dance Exchange» доценті және «William C. Friday Fellow» мүшесі. Дамани Филипс – Айова Университетінің джаз және афроамерикандық зерттеулер кафедрасының доценті, оқытушысы және дәріскері. 

Доктор Филлипс топ солисі ретінде бес альбом шығарған, ал 2017 жылы «Жан дегеніміз не: Қара нәсілділер мәдениеті және джаз білімі туралы әңгімелер» атты кітабы жарыққа шыққан.

Қонақтарға қызықты шеберлік сыныптары үшін алғыс білдіреміз!

 

Яндекс.Метрика