Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореография академиясында Ғылым апталығы өтеді

2022 жылдың 11-15 сәуірінде Қазақ ұлттық хореография академиясында Ғылым апталығы өтеді.

Жыл сайынғы іс-шара Халықаралық ғылым күніне орайластырылған және білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы арасында отандық және әлемдік ғылым жетістіктерін дәріптеу мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың зерттеушілерінің ғылыми ізденіске қызығушылығын, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесін жинақтау.

«Өнер және мәдениет: қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты ЖОО ішілік студенттердің ғылыми конференция ғылым апталығын ашады. Ғылым апталығы аясында білім алушылар арасында «Science slam – үздік постерлік баяндама», «Үздік арт-жоба» байқаулары, пікірталастар, сондай-ақ Академияның Иерусалим музыка және би академиясымен (Израиль) және Ұлттық би академиясымен (Италия) телекөпір өтеді.

Бағдарлама 11-15 сәуір Ғылым апталығы – 2022

Яндекс.Метрика