Қабылдау комиссияларының байланыстары

2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды:

– Табиғи ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурстық құжаттама ҚР БжҒМ және ғылым комитетінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc).

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді рәсімдеу мәселелері бойынша 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29; қаржы мәселелері бойынша 8 (7172) 74-16-53 (8-702-999-76-63 ватсап), заң мәселелері бойынша 8 (7172) 74-24-67 телефондарына хабарласуға болады. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дс. – жм., 9: 00-18: 30 сағ., түскі үзіліс 13:00 – 14:30 сағ.

“ҰМҒТСО” АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center (is.ncste.kz) өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін: 8-727-355-50-01 (ішкі. 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236) хабарласыңыз. Жұмыс уақыты: дс. – жм., 9:00 – 18:30 сағ, түскі үзіліс 13: 00-14: 30 сағ.

Конкурстық өтінімдер ҚР БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде, жобаның ғылыми жетекшісі мен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған, «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: https://is.ncste.kz өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 қарашасынан басталады.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 15 желтоқсан (қоса алғанда).

Конкурсная документация

Конкурсная документация молодых ученых

Яндекс.Метрика