Қабылдау комиссияларының байланыстары

Адалдық сағаты – адалдық уақыты!

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясын онлайн форматында Қазақ ұлттық хореография Академиясы қолдады. Бірінші курс студенттеріне педагог-ұйымдастырушы Алпамыс Шаримов Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай айқындалған «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген бейне-дәрістің көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрсетілім соңында студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, Абай тағылымының адалдық пен адамдық қасиеттерге ұштасатын өнегелерін әңгіме етті.

Яндекс.Метрика