Қабылдау комиссияларының байланыстары

АХМЕТ ЯСАУИДЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА ДЕЙІН: ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

2022 жылы 29 сәуір Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «АХМЕТ ЯСАУИДЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА ДЕЙІН: ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ» атты (офлайн-онлайн форматта) халықаралық  ғылыми конференциясы өтеді.  

Конференция қазақ халқының ақыны, ұлт ұстазы, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,  аудармашы, қоғам қайраткері, ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойының құрметіне ұйымдастырылып отыр.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Ахмет Ясауиден Ахмет Байтұрсынұлына дейін: түркі тілдерінің дамуы
  • Ахмет Байтұрсынұлының түркологияға қосқан үлесі
  • Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіндегі орны
  • Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш идеясы

Конференция өткізу күні: 29 сәуір, 2022 жыл. Баяндамалар 2022 жылдың 18 сәуіріне дейін электронды түрде ұсынылуы керек.

Ақпараттық хат А.Байтурсынов

Яндекс.Метрика