Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студеннтері адамның жеке шекарасын анықтау бойынша топтық сабақ өтті

8 желтоқсан күні педагог-психолог Марал Ибрагим ЖОО студенттері арасында адамның жеке шекарасын анықтау бойынша топтық сабақ өткізді. Жеке шекаралар қазіргі әлемдегі маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Жеке шекараны белгілеу және қорғау қабілеті жеке тұлғаның толық қанды, сау дамуы үшін қажет.

Топтық сабақ «ми шабуылы» түрінде өтті. Онда адамның жеке шекарасын бұза алатын жағдайлар берілді. Топ-топқа бөлінген студенттер адамның жеке шекараларын «дұрыс» анықтау және оларды қорғау тәсілдері туралы мәселені шешті. Қорытындылай келе, педагог-психолог студенттерге өздерінің ұстанымдары мен сенімдерінің болуы қажет екенін түсіндіріп өтті.

Яндекс.Метрика