Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенті American Edition халықаралық байқауында 1 орынға ие болды

«Хореографиялық өнер педагогикасы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Айдарханқызы Іңкәр әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық адамдарына арналған American Edition халықаралық онлайн байқауында 1-орынға ие болды.

Байқауды Fiestalonia International (Ұлыбритания) және Open Italy (Италия) көмегімен World Talent Ranking Association (АҚШ) ұйымдастырды.

Қазылар алқасы құрамына әлемге әйгілі мәдениет қайраткерлері, соның ішінде Испания, Франция, Италия, Қытай, АҚШ және басқа елдердің хореографтары, вокалшылары, дирижерлері, музыканттары, продюсерлері, музыка сыншыларынан құралған.

Қазіргі таңда Айдарханқызы Іңкәр Эразмус+ бағдарламасымен академиялық ұтқырлық аясында Италияның Рим қаласындағы Ұлттық би академиясында білім алуда.

Іңкәрді шын жүректен құттықтай отырып толағай табыс тілейміз!!!

Яндекс.Метрика