Қабылдау комиссияларының байланыстары

АКАДЕМИЯ СТУДЕНТТЕРІ АКТИВІНІҢ БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖИНАЛЫСЫ

2021 жылғы 20 қыркүйекте бірінші курс студенттерінің қатысуымен Академия студенттері активінің биылғы оқу жылындағы алғашқы жиналысы өтті. Жиналысқа тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директор Алишева А.Т., тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Токкожина Д.К., оқытушылар мен курс кураторлары қатысты. Жиналыста Жастар істері жөніндегі комитет жұмысының, өткен жылғы студенттік активтің қорытындылары, студенттердің волонтерлік қозғалысқа және қоғамдық қызметке қатысуы туралы есеп ұсынылды. Бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтар қойды, Академия студенттері активінің құрамына  енді.

Жиналыс барысында Жастар істері жөніндегі комитеттің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, студенттер активінің жұмысын ұйымдастыру бойынша қызықты ұсыныстар енгізді. Студенттер волонтерлік жобаларға, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға қызығушылық танытты және жыл сайынғы «Студенттер қатарына қабылдау» дәстүрлі іс-шарасын өткізуге дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетін сайлады.

 

 

Яндекс.Метрика