Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенттері Халықаралық студенттер күніне орай Алғыс хаттармен марапатталды

2021 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық студенттер күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы студенттік қоғамдастық пен еріктілер қозғалысының шығармашылық және қоғамдық қызметіне белсенді қатысатын елордалық ЖОО студенттерін алғыс хаттармен атап өтті. Түрлі әлеуметтік және шығармашылық жобаларда өз ЖОО-ларының атынан қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақ ұлттық хореография академиясынан 16 студент марапатталды. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Т. Қамбаров мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, белсенді қоғамдық, волонтерлік және шығармашылық қызметке қосқан үлесі үшін белсенділерге алғыс білдірді.

Алғыс хаттармен марапатталғандар:

  • Юсупов Абай («Хореография өнері», колледждің 1 курсы);
  • Искандыров Алиби («Хореография өнері», колледждің 2 курсы);
  • Молдахмет Ғазиза («Хореография өнері», колледждің 2 курсы);
  • Тойгулов Ерсултан («Хореография өнері», колледждің 2 курсы);
  • Кисембаева Амина («Хореография өнері», колледждің 3 курсы);
  • Каусова Камила (2 курс, хореография факультеті);
  • Смагулова Камилла (1 курс, хореография факультеті);
  • Парчиева Милана (2 курс, хореография факультеті);
  • Диана Мелисова (2 курс, хореография факультеті);
  • Серикбай Арман (3 курс, хореография факультеті);
  • Гумар Султанбек (3 курс, хореография факультеті);
  • Нурсаулет Амре (3 курс, хореография факультеті);
  • Сембекова Айдана (2 курс, өнер факультеті);
  • Султанбай Арман (3 курс, , өнер факультеті);
  • Сәду Бекарыс (3 курс, өнер факультеті);
  • Есеев Нуржан (4 курс, , өнер факультеті);

Студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз!

Яндекс.Метрика