Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенттері коммуникативтік қабілеттерін дамытуға арналған тренингтен өтті

2022 жылғы 3 және 6 қазанда Хореография академиясында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттерімен коммуникативтік дағдыларды дамытуға тренинг өткізілді. Тренингті педагог-психолог Марал Ибрагим жүргізді.

Тренинг қарым-қатынас стратегиясын әзірлеуге және қоғамда өзін ұстай білуге бағытталған. Тренингтің міндеттері: студенттердің коммуникативті қабілеттерін қалыптастыру, басқалармен қарым-қатынас дағдыларын дамыту және мейірімділікке тәрбиелеу.

Тренинг барысында студенттер «Бүлінген телефон» ойындарына қатысты, оның мақсаты студенттерді бір-бірін түсінуге үйрету, күнделікті өмірде қол жетімді емес әдеттен тыс тәсілдер арқылы тәжірибе беру.

Яндекс.Метрика