Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда буллингтің алдын алу бойынша топтық сабақ өтті

13 желтоқсанда педагог-психолог Марал Ибрагим кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттері үшін оқу ортасында буллингтің алдын алу бойынша топтық сабақ өткізді.

Топтық сабақтың мақсаты – студенттердің әртүрлі жағдайлардағы сындарлы мінез-құлық дағдылары мен икемдерін дамыту, тұлғааралық қарым-қатынасты оңтайландыру.

Топтық сабақ барысында дене және ақыл-ой қабілеттілігін қалпына келтіруге, өзіне деген оң көзқарасты дамытуға арналған ойындар өткізілді. Сонымен қатар, педагог-психолог, егер студент буллинге душар болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігі жайлы әңгіме жүргізді.

Яндекс.Метрика