Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда оқушыларға арналған тиімді кешіру бойынша тренинг өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясының жоғары сынып оқушылары «Кешіргенде ренжуге болмайды. Үтір қоямыз» тақырыбында психологиялық тренингтен өтті. 

Академия ұйымдастырған тренинг барысында жоғары сынып оқушылары экспресс-тест орындады, реніш адамның денсаулығына және оның жеке басына қалай әсер ететінін білді, сонымен қатар оларға тиімді кешіру бойынша жаттығу көрсетілді. Академия тәрбиеленушілері «Ашу мен реніштің ауырлығы» астарлы әңгімесін тыңдап, тиімді кешіру техникасы туралы бейнероликті тамашалады.

Іс-шара соңында қатысушылар тренинг тақырыбының басқалармен достық қарым-қатынас орнатудағы және қиын өмірлік жағдайларды шеше білудегі жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.

Яндекс.Метрика