Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның өнер факультеті жұмыс берушілермен кездесу өткізді

25 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясында өнер факультетінің ұйымдастыруымен жұмыс берушілермен кездесу өтті.

Кездесу өнер факультетінің профессорлары мен оқытушыларының, сондай-ақ «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі, Татарстан Республикасы мен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Канетов және «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хадиша Ағымбаеваның қатысуымен аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті.

Іс-шара барысында музыкалық туындыларды талдау бойынша пәндерді енгізу бөлігінде арта/IAAR мамандандырылған аккредиттеудің сыртқы сараптау комиссиясының ұсынымдары қаралды. Бұл «Музыкалық формаларды талдау негіздері», «Музыкалық шығармаларды талдау негіздері», «Музыка теориясы II» сияқты пәндер.

Сондай-ақ, талқылау барысында өнертанудың білім беру бағдарламалары шеңберінде Батыс Еуропа, орыс, кеңестік және посткеңестік музыка тарихы бойынша пәндерді меңгеру үшін қажетті кредиттер көлемінің арақатынасы мәселелері сөз болды.

Қолданыстағы Арт-менеджмент білім беру бағдарламасының мазмұнын жақсарту және 2022-2023 оқу жылында Арт-менеджмент магистратурасының бейіндік бағдарламасын ашу мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Яндекс.Метрика