Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның ЖОО білім алушылары үшін ҚБТ пайдалану бойынша нұсқаулық

«Қазақ ұлттық хореография» КАҚ білім алушылары үшін Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану бойынша нұсқаулық  Құрметті Академия білім алушылары!

Қазақстан Республикасы Ведомствоаралық комиссиясының шешіміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында,  жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы» бұйрығына байланысты, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап күндізгі бөлімнің білім алушылары қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) қолданып оқытылады.

Білім алушыларға дәрістік және әдістемелік материалдарға, онлайн дәрістерге қолжетімділік алу үшін Интернет желісіне қосылу, веб-камера мен құлаққаптардың болуы қажет. 

Платонус ААЖ-дегі жұмыс:

  1. Пәннің барлық оқу-әдістемелік материалдары – силлабустар, дәріс материалдары, таныстырылымдар, тапсырмалар сіздер үшін Platonus (http://93.185.74.130/) жүйесі арқылы авторландырылған қолжетімділік бойынша қолжетімді болады.
  2. Білім алушының жеке кабинетіне сіздерге берілген логин мен құпиясөз арқылы кіруге болады, мұнда оқу материалдарын, оқытушымен жалпы чатты, сондай-ақ оқитын пәндер бойынша хабарландырулар мен онлайн дәрістердің сілтемелерін көре аласыздар.

 ZOOM бағдарламасындағы жұмыс:

  1. Академиямыздың оқытушылары ZOOM бағдарламасының көмегімен онлайн дәрістер береді, бағдарламаны сілтеме бойынша жүктеп алу қажет (https://zoom.us/download).
  2. Конференцияға қолжетімділік үшін өз атыңызбен (тегі мен аты толық) алдын ала тіркелу қажет.
  3. Оқытушы беретін келесі конференция идентификаторын теру қажет: «https://ruc-su.zoom.us/j/**********» (жұлдызшалардың орнында конференцияның номері болады), немесе менеджерлер арқылы «Конференцияның номері + құпиясөз».
  4. «ZOOM» бағдарламасын қолдану туралы видео нұсқаулықты төменде көрсетілген сілтемелер бойынша YouTube желісінен көруге болады (Компьютер — https://www.youtube.com/watch?v=ZLXf2m4tWRM ; Мобильдік қосымша – https://www.youtube.com/watch?v=QRudlunDP2k).
  5. Конференцияның идентификаторы «Platonus» жүйесіндегі Сіздің жеке кабинетіңіздің чатында хабарландыру арқылы беріледі және сонымен қатар WhatsApp қосымшасындағы топтарға жіберіледі. Егер конференцияның идентификаторын білмесеңіз, оқытушыға, топ кураторына және өз деканатыңызға хабарласу қажет. Конференцияға қосылған кезде микрофондарды өшіріп қою керек.

 Барлық білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып оқытудың жалпы қағидалары:

  • Сабақтарға қатысуды қатаң түрде оқытушылар, тиісті факультет деканаттары «Platonus» жүйесіндегі жеке кабинетке кіруіңіз және өткізілетін онлайн дәрістерге қатысқаныңыз бойынша тексереді.
  • Сабақтарға Platonus. ZOOM бағдарламасы арқылы қатаң түрде кесте бойынша шығу қажет.
  • Оқытушылардың тапсырмаларын уақытында орындау қажет.
  • Онлайн сабақ кезінде этикалық мінез-құлық, сыртқы келбет және сөйлеу әдебі нормаларын сақтау қажет! Сабақ кезінде бөлмеде болу керек, сабаққа бөгде адамдардың қатыспауы тиіс.
  • Қажет болған жағдайда call-орталықтағы кураторларға хабарласуға болады. Деректер сайтта берілген.

 

Осы ресурстарға кіру үшін пайдаланушының баланс шотында қаражат болуы тиіс. Білім беру ресурстарына тегін қолжетімділік берудің басталғаны туралы ақпарат байланыс операторының сайттарында жарияланады. 

Яндекс.Метрика