Қабылдау комиссияларының байланыстары
Altynay-Asylmuratova-min

Асылмұратова Алтынай Абдуахимқызы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛІ
КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ

Асылмұратова Алтынай Абдуахимқызы – балет әртісі және педагог, Мариин театрының прима-балеринасы, ағылшын Корольдік балеті және Марсель балетінің прима-балеринасы; Ресей Халық әртісі, “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театры балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры.
А. Я. Ваганова атындағы Ленинград хореография училищесін Инна Зубковскаяның сыныбы бойынша бітірген.
1978 жылдан бастап – С. М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрының (қазір – Мариин театры) солисі, классикалық репертуардың жетекші партияларын орындаушы.
1989-1993 жылдары Лондон Корольдік балетінде (Ковент-Гарден) биледі;
1995-1997 жылдары – Ролан Петидің Марсельдік труппасында (Франция) биледі. Ла Скала, Гранд-Опера, Америка балет театрларында және т.б. гастрольдерде болды.
1999-2013 жылдары – А.Я. Ваганова атындағы Санкт-Петербург Орыс балеті академиясының көркемдік жетекшісі, проректоры. 2013 жылы Санкт-Петербургтегі Михайловский театры бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды.

Марапаттары
«Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» мерейтойлық медалі
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
«Парасат» орденінің кавалері
«Золотой софит» сыйлығының лауреаты
«Балтика» сыйлығының лауреаты
Достық орденінің иегері

Яндекс.Метрика