Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман

2022 жылдың қазан айының 12-14 жұлдызында Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (Алматы қ., Қазақстан) өнертану докторы, профессор А. И. Мұхамбетованың 80 жылдығына арналған Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасының фестивалі және “Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман” Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

  • Ұйымдастырушылар: Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми-редакциялық бөлімі,  Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы және Өзбекстан Ғылым Академиясының Өнертану институтының музыкалық өнер бөлімі (Ташкент).
  • Ұйымдастыру комитеттің мекен-жайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов көшесі, 127
  • Телефон: +7 7707 255-00-35 (вотсап); +7 (727) 272-04-99
  • Электрондық пошта: ogulzada@mail.ru
  •  Ресми сайтhttp://kaznai.kz/
  • Instagram: @zhurgenov.science

Конференцияда әлемдік жаһандық үдерістер жағдайында қазіргі кезеңінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттерді сақтау және дамыту мәселелеріне басты назар аударылады.  Жаһандану кезінде ұлттық орындаушылық пен ұлттық (дәстүрлі) музыканттарды оқыту мәселелері  тек талқылауды ғана емес, сонымен қатар нақты  шешімдерге келуді талап етеді. Бүгінгі таңда Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасының тағдыры дәстүрлі музыка орындаушыларының  қызмет ету мен оларды оқыту мәселелері қалай шешіліп жатқанымен тығыз байланысты.

Информационное письмо

Яндекс.Метрика