Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы ҚР жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингі номинацияларының жеңімпазы

Жоғары оқу орындарының рейтингі студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен түлектердің көзімен жоғары білімді тәуелсіз бағалау, талапкерлерді кәсіби бағдарлау және ҚР министрліктері мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылығы үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында қалыптасты.

Рейтинг студенттер, магистранттар, докторанттар мен түлектер арасында онлайн-сауалнама жүргізу арқылы жасалды. Онлайн-сауалнамадан Қазақстан Репсубликасының 118 жоғары оқу орнының 110 білім алушылары мен түлектері өтті.

ЖОО рейтингін қалыптастыру үшін өзекті және маңызды бағыттар анықталды: ЖОО білім беру бағдарламасы, материалдық-техникалық база, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, жұмысқа орналастыру, жатақханалардың жағдайы, асханалардағы тамақтану сапасы, ЖОО басшылығының айқындылығы мен ашықтығы.

2021 жылы Қазақстан студенттер Альянсы өткізген ЖОО тәуелсіз рейтингісінде Академия келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:

  • «Сыбайлас жемқорлық фактілері жоқ университет»;
  • «Ең айқын және ашық басшылық”;
  • «Үздік әлемдік университеттер сияқты студенттердің өмір сүру жағдайлары жақсы студенттік үй».
Яндекс.Метрика