Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты Сіздерді «Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2022 жылы 16 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де ZOOM платформасындағы онлайн (қашықтық) және тікелей қатысу үлгісімен өткізіледі.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мемлекет тарихы институтының Мәжіліс залы (Бейбітшілік көшесі, 4)

Конференция тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының шынайы тұтас бейнесін жасау мақсатында өтеді.

Іс-шара барысында талқыланатын мәселелер:

  1. Қазіргі Қазақстан тарихын репрезентациялаудың теориялық тәсілдері.
  2. Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеудің тарихнамалық мәселелері.
  3. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жүйесін талдау және оған ішкі-сыртқы себептердің әсері.
  4. Қазіргі Қазақстан халықаралық аренадағы алатын орны, сыртқы көпсалалы саясат мәселелері және т.б.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сарапшылар, мұрағат, мұражайлар мен кітапхана қызметкерлері, PhD докторанттар, магистранттар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция үйлестірушілері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4, 4 қабат, Мемлекет тарихы институты

Е-mail: kuat-8383@mail.ru / 8-705-783-70-01.

Ақпараттық хат
Пресс-релиз

Яндекс.Метрика