Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚАЗІРГІ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2022 жылдың 16-17 қыркүйегінде «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ университеттің 70 жылдығына арналған «ҚАЗІРГІ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбындағы «Уәлиев оқулары-2022» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияға қатысу үшін ғылыми қызметкерлер, ЖОО, колледж және мектеп оқытушылары, докторанттар, магистранттар, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттер және ғылыми қызметкерлер шақырылады.

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша сессия жұмысы жоспарлануда:
1. Қазіргі химия ғылымы мен білім берудің теориялық және қолданбалы аспектілері.
2. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында педагогикалық ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелері.
3. Жаратылыстану-техникалық ғылымдардың, цифрлық трансформация контексіндегі STEM білім берудің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары.
4. Социогуманитарлық ғылымдардың қазіргі даму тенденциялары.
5. Экономика, мемлекеттік басқару және құқық саласындағы зерттеулердегі ғылыми және қолданбалы аспектілер.

ИП_Уалиевские_2022

Яндекс.Метрика