Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының Балет корпусы би залдары құрылысының барлық талаптарына сәйкес келеді. Корпустың жалпы ауданы 12 776 ш.м құрайды және құрамына аудандары әртүрлі 21 балет залы кіреді.  Барлық залдар 100-ден 400 шаршы метрге дейінгі ауданда жобаланған, бұл студенттердің өз шеберліктерін еркін шыңдауына және өнер көрсетулеріне дайындалуына мүмкіндік береді.

Болашақ ғимараттың өзгешелігіне ерекше назар аударылды: қабырғалар акустикалық панельдерден жасалған, би залына арналған ең жоғары сыныпты еден жабыны, Еуропадан әкелінген табиғи тастар. Бұдан басқа, әрбір зал кез келген жастағы балалардың бойына қарай бейімдеуге мүмкіндік беретін, реттелетін ағаш білдектермен, залдың биіктігімен бірдей айналармен жабдықталған. Сүйемелдеудің де маңызы зор: әрбір сабақ рояль ойынымен сүйемелденеді. Концертмейстерлер ең үздік классикалық шығармаларды ойнайды және балаларды жоғары мәдениетке үйретеді. 

Яндекс.Метрика