Қабылдау комиссияларының байланыстары
Bibigul Nurgalievna-min

Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ/ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

БІЛІМІ:
1986 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы), мамандығы «Фортепиано», квалификациясы «оқытушы, концертмейстер»;
2007 ж. Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аспирантурасы, мамандығы «Кәсіптік білім теориясы мен әдістемесі»

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:
1984-1989 жж- Ә. Қашаубаев атындағы №1 БММ педагог-концертмейстері, Алматы қ.;
1989-1998 жж – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Музыкалық аспаптар» кафедрасының фортепиано оқытушысы, Алматы қ.;
1998-2000 жж – Ә. Қашаубаев атындағы №1 БММ педагогы;
2000-2002 жж – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада өнері» кафедрасының аға оқытушысы;
2002-2006 жж – «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі;
2006-2008 жж – «Театр өнері және эстрада» факультеті деканының орынбасары;
06.2008-03.2009 жж – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» факультетінің деканы;
03.2009-09.2014 жж – «Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМКК директоры;
09.2014-06. 2018 жж – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.
06.2018-11.2022жж. Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры, проректоры;
2022 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры болып тағайындалды.

ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
63 ғылыми еңбек жарық көрді, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар 6 мақала, БҒСБК-ға кіретін журналдарда 21 мақала, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында 22 мақала, 1 монография, ұжымдық монографияда 3 мақала, алыс және жақын шетел журналдарында 4 мақала, қазақстандық ғылыми журналдарда 7 мақала.

МАРАПАТТАРЫ:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі
«Достастық жұлдыздары» Мемлекетаралық сыйлығы;
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың Алғыс хаты;
Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.

Яндекс.Метрика