Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бірінші курс студенттерінің психологиялық бейімделу тренингі

Жоғары оқу орнына түсу және ондағы оқу процесі әрдайым бірінші курс студенттерінің жаңа мәдени және білім беру ортасына қосылуымен байланысты. Дәл осы сәттен бастап әлеуметтік бейімделу басталады, одан әрі оқу процесінің сәттілігі мен тиімділігі көп жағдайда осыған байланысты болады.

Бірінші курс студенттерін ЖОО-да оқуға бейімдеу және студенттік топтарда жағымды микроклимат жасау мақсатында 2021 жылғы 7 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясының педагог-психологы М.Б. Ибрагим бакалавриаттың 1 курс студенттеріне психологиялық бейімдеу тренингін өткізді.

Іс-шара ойын түрінде өтті. Тренинг барысында қолданылған техникалар мен жаттығулар қатысушылардың тиімді тұлғааралық қарым-қатынас, байқампаздық дағдыларын, студенттердің топ нормалары мен құндылықтарын қабылдауын дамытуға ықпал етті.

Тренинг соңында студенттер әлеуметтік топта тиімді өзара әрекеттесу және өзіндік жұмыстарды орындау және дәрістерді конспектілеу бойынша жадынамалар алды.

Яндекс.Метрика