Қабылдау комиссияларының байланыстары

Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі мен болашағы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті  2022 жылдың 21 қазан күні университеттің 50 жылдығына арналған «Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Білім берудің заманауи моделі: тенденциялар, мәселелер мен перспективалар
  2. Ғылымның, техниканың және технологиялардың дамуы
  3. Экономика мен құқықтың басым бағыттары мен даму жолдары

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Материалдарды рәсімдеу тәртібі:

Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік  WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1,0, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм,  азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (Әмбебап ондық жүйе) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, қалың қаріппен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен  нәтижелері, практикалық маңызы ашылуы тиіс.

Баяндаманың электрондық нұсқасы (жұмыстың бағытын көрсетіп) келесі электрондық поштаға жіберілуі керек conference.zhu@gmail.com. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Ақпараттық хат – 21.10.20222

Яндекс.Метрика