Қабылдау комиссияларының байланыстары

Цифрлық өзгеру: тенденциялары, мәселелері және шешімі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2022 жылдың 18 наурыз күні «Цифрлық өзгеру: тенденциялары, мәселелері және шешімі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, on-line форматта.

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Цифрлы Қазақстан: білім мен ғылымды дамытудың қазіргі тенденциялары
  2. Экологиялық және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру – қазіргі заман талабы
  3. Білім берудегі жаратылыстану және цифрлық технологияларды дамыту
  4. Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Баяндамаларды қабылдау: 2022 жылдың 17 наурызына дейін.

Материалдарды рәсімдеу тәртібі

Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1,0, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм,  азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (Әмбебап ондық жүйе) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, қалың қаріппен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен  нәтижелері, практикалық маңызы ашылуы тиіс.

Баяндаманың электрондық нұсқасы (жұмыстың бағытын көрсетіп) gylym.zhu@gmail.com электрондық поштаға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта арқылы ұсынылады.

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика