Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Дұрыс психологиялық икемделуді қалыптастыру дағдылары» тренингі

2023 жылдың 6 ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттеріне «Дұрыс психологиялық икемделуді қалыптастыру дағдылары» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны Академияның педагог-психологы Марал Ибрагим өткізді.

Тренингтің мақсаты: студенттерді «психологиялық икемделу» ұғымымен, осындай икемделуді қалыптастырудың әдістерімен және қажетті дағдыларымен таныстыру.

Тренинг барысында студенттер дұрыс психологиялық икемделуді қалыптастыру әдістері – позитивті мәлімдемелер (аффирмациялар), оларды қолдану ережелері мен қарсы көрсетілімдерімен танысты. Оң нәтижеге деген ішкі қатынастың қажеттілігі де сөз болды. Студенттер өздерінің аффирмацияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Яндекс.Метрика