Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Достық күлімдеуден басталады» тренингі

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақ ұлттық хореография академиясының 1-4 сынып оқушылары үшін «Достық күлімдеуден басталады» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг Академия тәрбиеленушілерінің коммуникативті дағдыларын, өзара сыйластық пен ізгі ниет сезімін, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Сабақтың басында балалар достық қалай басталатыны туралы өз пікірлерін білдірді. Тренинг барысында оқушылар өміріндегі жағдаяттармен рөлдік ойындар қолданылды. Ойындарды талдай отырып, балалар өз қалаулары туралы ғана емес, сонымен қатар сыныптастарының қалауын құрметтеуге үйренді.

Тренинг соңында балалар «Бірге тату өмір сүру үшін келісе білу керек» екендігін айтты.

Яндекс.Метрика