Қабылдау комиссияларының байланыстары

Еңбекке құрмет: Академия оқытушылары Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай марапаттарға ие болды

Кәсіби мерекеге орай Қазақ ұлттық хореография академиясы мектеп-колледжінің арнайы пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссиясының оқытушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарына ие болды. Грамоталар мен алғыс хаттарды, сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін министр Ақтоты Райымқұлованың атынан Академия ректоры Алтынай Асылмұратова табыс етті.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен оқытушы Раушан Калыбековна Тулегенова, «Құрмет грамотасымен» Алмат Шердарұлы Шәмшиев марапатталса, ал Бауржан Сансызбаевич Джаканов «Алғыс хатқа» ие болды.

Айта кетсек, төтенше жағдай кезеңінде Академияда оқыту қашықтық форматында өтті, бірақ студенттермен байланыс үзілген жоқ. Карантин және оқшаулану жағдайында оқытушылар барлық сабақтарды кесте бойынша жүргізді, онлайн-концерттер мен тренингтер өткізіп, өз оқушыларына барынша қолдау көрсетті. 

Оқытушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай алған марапаттарымен құттықтаймыз! Осы жетістіктерді Академияның бүкіл ұжымы мен тәрбиеленушілерінің еңбегі бағаланып, лайықты құрметке ие болғаны деп білеміз!    

Яндекс.Метрика