Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Емтихан мазасыздығының алдын алу» онлайн-тренинг

Академия оқушыларын емтиханды сәтті тапсыруға психологиялық тұрғыдан даярлау мақсатында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психологы «Емтихан мазасыздығының алдын алу» атты тренинг өткізді. Тренинг Zoom платформасында онлайн форматында өткізілді.

Тренинг барысында оқушылар емтиханды сәтті тапсырудың бірқатар қарапайым ережелерімен танысты.

Сонымен қатар, оқушылар психофизикалық жағдайын басқару қабілетін қалыптастыру мақсатында, стресстік жағдайдағы мазасыздықты төмендетудің, стресстен арылудың негізгі жолдары көрсетілді.

Яндекс.Метрика