Қабылдау комиссияларының байланыстары

«ЕВРОПА ЖӘНЕ АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА

2021 жылдың 29 сәуірінде Лодзь Гуманитарлық-экономикалық академиясы (Польша) және Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары мен студденттерінің қатысуымен «ЕВРОПА ЖӘНЕ АЗИЯ» атты поляк-қазақ білім беру онлайн би жобасы өтті.

Жобаға Польшаның Лодзь гуманитарлық-экономикалық академиясы (AHE Lodz) мен Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары, студенттері ат салысты.

Магистр Амелия Козяра-Вуйцик Contemporary Jazz және Lyrical Jazz элементтері көрсетілген джаз биінен керемет шеберлік классын ағылшын тілінде өткізді. Өз кезегінде Анвара Садықова мен Алмат Шамшиевт қазақ би техникасы бойынша шеберлік сыныбын жоғары деңгейде өткізді. Қатысушылар араларында жатқан мыңдаған шақырымдарға қарамастан бірегей бидің керемет атмосферасына еніп, үлкен ләззат алды.

AHE Лодзь хореография факультетінің деканы Александр Азаркевич Академияның мықты серіктес екенін атап өтіп, әр түрлі жобаларды бірге жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Яндекс.Метрика