Қабылдау комиссияларының байланыстары

ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТІЛ ҒЫЛЫМЫ – ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМНІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҢА БАҒЫТЫ: ЗЕРТТЕЛУІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ

2022 жылдың  20 мамырында Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТІЛ ҒЫЛЫМЫ – ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМНІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҢА БАҒЫТЫ: ЗЕРТТЕЛУІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ» атты ІІ халықаралық  ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізіледі. Конференция А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен  университеттің 85 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.                                                                                                    

Конференцияның мақсаты: заманауи гуманитарлық білімнің жаңа бағыты болып табылатын генетикалық тіл ғылымы идеяларын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау.

Конференцияның жұмыс  тілі – қазақ, орыс, қырғыз және түрік тілдері.

Конференцияға  отандық және шетелдік (Ресей, Қырғызстан, Түркия республикасы) тілші-ғалымдар қатысады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 

  • Тіл және ойлау: тіл философиясының мәселелері генетикалық тіл білімі тұрғысынан.
  • Адамзат тілінің туабітті әмбебап жаратылған материалдық және идеялық негіздері.
  • Тілдік дыбыстардың қалыптасуы мен жұмыс істеуінің генетикалық көрінісі.
  • Генетикалық тіл білімінің мәселелерін жаңа оқу пәні ретіндегі мәселелері.

Конференция материалдары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде – PDF-жинақ түрінде шығарылып, Қорқыт Ата атындағы ҚУ-ң сайтында: www. korkyt.kz (ғылым/Конференция жинағы) жарияланады.

Мақалалар ұйымдастыру алқасына 2022 жылдың 18 мамырына дейін жіберілуі тиіс.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Баяндама тақырыбы конференцияның таңдалған бағыты шеңберінде өзекті болуы тиіс. Конференцияға аталған тақырыптағы мақалалар ғана қабылданады. 

Баяндама (мақала) мәтіні MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер, сызбалар және суреттер Windows бағдарламасында құрылады.

Беттің параметрлері: барлық өрістері – 2см.

Қаріп: Times New Roman,кегль-12.

Әдебиетке сілтеме тік жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен рәсімделеді. Мысалы: [1,17]. 

Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын көрсетілген e-mail-ға жіберу қажет: Shanzharhan-bekm@mail.ru

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №40, Қорқыт Ата атындағы ҚУ-ның І оқу ғимараты, №204 кабинет. Байланыс телефондары:Тел: 8-777-343-48-93  8-708-837-75-96   8 (724)223-17-67.

Яндекс.Метрика