Қабылдау комиссияларының байланыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті студенттер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысуға шақырамыз.

2022 жылғы 7 қарашадан 28 желтоқсан аралығында студенттердің, ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) республикалық, конкурсының бірінші (ішкі) кезеңі басталады.

СҒЗЖ байқауының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2) ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Егер Сіз конкурсқа қатысуға шешім қабылдасаңыз, 2022 жылдың                         28 желтоқсанына дейін ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және аккредиттеу бөліміне келесі құжаттарды баспа түрінде ұсынуыңыз керек:

  1. Студенттік ғылыми жұмыс;
  2. Ғылыми жетекшінің пікірі;
  3. Strike Plagiarism есебі.

Жыл сайынғы ғылыми байқауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің зерттеу жұмыстары қоса беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және аккредиттеу бөліміне хабарласуға болады (470 каб).

Рекомендации НИРС

Яндекс.Метрика