Қабылдау комиссияларының байланыстары

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК 2022-2023 оқу жылына бос орындар тізімі:

 

Бос лауазымның атауы

 

Бағыт, пән

 

Бірлік, мөлшерлеме саны
Кәсіптік білім беру мектеп-колледжі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссия
Химия мұғалімі 1. Химия қазақ тілінде оқытылатын 7-8 сынып – апталық 3 сағат;

2. Химия орыс тілінде оқытылатын 9 сынып – апталық 3 сағат;

4. Химия 1 курс БӘ – жылдық 36 сағат;

0,38
Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімі
Концертмейстер арнайы пәндер 3

 

Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары:

Мұғалім: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Концертмейстер: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік музыкалық білім немесе орта кәсіптік музыкалық білім, музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.

 

Яндекс.Метрика