Қабылдау комиссияларының байланыстары

Халықаралық сұхбат алаңы

2023 жылдың 19- сәуірінде «Болашақ жаттықтырушы-педагогты даярлаудың психологиялық аспектілері» тақырыбында «Халықаралық сұхбат алаңы» атты алғашқы онлайн жоба өтті. Жобаның авторы – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, ҚР СБФҚ төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев.

Жобада бүкіл ресейлік спорттық төрешілер санатының төрешісі, би спорты бойынша сессияларда дәріс оқушы әрі емтихан алушы, 500-ден аса спортшы, оның ішінде халықаралық деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеп шығарған «Янтарь» би-спорттық клубының (2019 жылы 30 жыл толды) негізін қалаған Татьяна Васильевна Морозова дәріс оқыды.

«Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн жобасы шығармашылық оқу орындарының «Спорттық бал биінің педагогикасы» мамандығы бойынша білім алушыларға, сондай-ақ осы салада қызмет етіп жүрген ұстаздарға арналған. Онлайн режимде өткен жобада болашақ педагогтарды кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық аспектілері талқыланды. Онлайн кездесуге белсенді атсалысқан Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының білім алушылары, ұстаздары өз сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

«Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн жобасын одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр, себебі алған ақпарат, білім және әріптестердің тәжірибесі еліміздегі спорттық бал билері бойынша болашақ ұстаздардың келешекте табысты болуына септігін тигізетіні сөзсіз!

Барлық қатысушыларға зор денсаулық және сүйікті ісін танып білуде үлкен шабыт тілейміз!

Яндекс.Метрика