Қабылдау комиссияларының байланыстары

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы әлеуметтік инвестициялар

«Нархоз Университеті» КЕАҚ «Қаржы және мәліметтер аналитикасы» Ғылыми-білім беру департаменті студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды Finance Week өткізу және қазақстандық жетекші ғалым және педагог, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, э.ғ.д., профессор Искаков Узан Мулдашевичтің 80 жылдығын тойлау шеңберінде, 2022 жылғы 3 наурызда өтетін «Халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы әлеуметтік инвестициялар» тақырыбындағы халықаралық Ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысуға шақырады.

Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының түйінді бағыты халықтың әл-ауқатының өсуі және тұрмыс сапасының жақсаруы болып табылады. Өткен жылдың соңғы оқиғалары қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін көрсетті, бұл азаматтардың әл-ауқатын реттеудің заманауи құралдарын сапалы жаңарту қажеттілігіне әсер етті. Ғылыми-практикалық конференция шеңберінде еліміздің жоғары мектебінің озық жас буынының – білім алушыларының назарын аудару және шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың нақты табысын арттыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің тиімділігі, цифрландырудың қаржы секторы мамандарын кәсіптік даярлауға әсері, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және өз ісін ашуға банк және мемлекеттік секторлардың рөлін арттыру проблемаларын талқылау маңызды. Басқа да көптеген мәселелер Халықаралық ғылыми-практикалық конференция секцияларында талқыланады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысында келесі бағыттар қарастырылған:

1-секция «Қазақстанның әлеуметтік жүйесін тұрақтандырудағы банк секторының рөлі» (Модератор: Айтказина М.А., PhD, ассистент-профессор). Сілтеме:   https://zoom.us/j/96814311010

2-секция «Экономиканың нақты секторы субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігі және оның Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырудағы рөлі»

(Модератор: Джарикбаева Д.Т., PhD, қауымдастырылған профессор). Сілтеме: https://zoom.us/j/99231969317

3-секция «Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының Қазақстандағы халықтың әл-ауқатына әсері: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру»

(Модератор: Кожахметова М.К., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор) сілтеме: https://zoom.us/j/97103984516

Telegram-да тіркелу https://t.me/Students_finance_Narxoz_bot 

Қатысу формасы: онлайн

ХҒПК басталуы: 10.00

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша баяндамалар материалдары мен ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда. Плагиатқа тексеру және рецензиялау нәтижелері бойынша іріктелген мақалалар жинақта жарияланады. Мақалалар жинағы РҒДИ-да (РИНЦ) индекстелетін болады. Жарияланымдар тегін.

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика