Қабылдау комиссияларының байланыстары

ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты белгілі тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қ.С. Алдажұмановтың 80 жасқа толуына орай 2022 жылдың 9 желтоқсанында өтетін «ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – ХХ ғасырдағы отан тарихының өзекті мәселелерін зерттеу, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі даму мен трансформациялардың негізгі бағыттарын анықтау, аталған кезеңдегі тарихи процестерді талқылау және қайта қорытуда мәселелер мен жаңа ұстанымтарды тың архивтік деректер негізінде профессор Қайдар Сейсембайұлы Алдажұмановтың ғылыми шығармашылығы аясында айқындау.

Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. 1968 жылы С.М. Киров ҚазМУ-дың тарих факультетін бітірген соң жас маман ретінде Тарих және этнология институтына жіберіліп, кіші және аға ғылыми қызметкер, 1990-1994 жж. – Аграрлық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың шілдесіне дейін институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

АҚП. ХАТ

Яндекс.Метрика