Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореография академиясының кітапханасында «Найди книгу» ойыны өткізілді

18 қазанда кітапханада 5 «А» сынып оқушылары арасында «Найди книгу» ойыны өткізілді.

Ойын оқушылардың өз бетінше және мақсатты түрде кітап іздеу қабілетін дамытуға және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге, әдебиеттердің орнын бағдарлауға үйретуге бағытталған.

Ойынның мақсаты – шығарманың үзіндісі бойынша кітапты кітап сөресінен  табу. Кітаптан алынған үзінділер «Академия оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» тізімінен дайындалды. Бұл ойын оқушыларға ерекше әсер етіп, олардың ойөрісін дамытып, жағымды эмоциялар тудырды. Тақтаға кітап беттерінің бірнеше көшірмелері ілінді. Оқушылар үзіндінің мазмұнын зерттеп, кітапхана қорының сөрелерінен кітаптарды іздеді.

Оқушылар тапсырмаларды жақсы орындап, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.

Яндекс.Метрика