Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы № 4 (105)/2022 шығарылымына ғылыми мақалалар қабылдайтынын хабарлайды

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы № 4 (105)/2022 шығарылымына ғылыми мақалалар қабылдайтынын хабарлайды.
Мақалалар 2022 жылдың 10-қарашасына дейін қабылданады. Мақаланы редакцияға электрондық пошта арқылы келесі адреске жіберуге болады vestnik@zu.edu.kz.

Журналдың шығу жиілігі
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы жылына 4 рет келесі белгіленген мерзімдерде шығарылады:
№1 – 30-наурызға дейін;
№2 – 30-маусымға дейін;
№3 – 30-қазанға дейін;
№4 – 30-желтоқсанға дейін.
Мақалалар келесі белгіленген мерзімдерде қабылданады:
№1 – 10-ақпанға дейін;
№2 – 10-мамырға дейін;
№3 – 10-қыркүйекке дейін;
№4 – 10-қарашаға дейін.

Жалпы ережелер
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы толық мақалалар түрінде ресімделген түпнұсқа зерттеулердің нәтижелері берілген материалдарды жариялауға қабылдайды. Жариялау үшін ұсынылатын материал түпнұсқа болуы қажет, басқа ғылыми басылымдарда бұрын жарияланбаған, журналдың бейіні мен ғылыми деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Тақырыптық сәйкессіздік туралы шешімді Редакциялық алқа арнайы рецензиясыз және себептерін негіздемей қабылдауы мүмкін. Студенттер мен магистранттардың жұмыстары тек ғылыми жетекшілермен бірлесіп немесе ғылыми жетекшілерінен рецензия болған жағдайда ғана қабылданады.

Информационное письмо Вестник №4(105) 2022г. каз

Яндекс.Метрика