Қабылдау комиссияларының байланыстары

Интернаттың педагог-тәрбиешілеріне арналған психологиялық тренинг

2022 жылдың 12 қаңтарында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің педагог-психологы Ибрагим Марал Болатханқызы интернаттың педагог-тәрбиешілерімен тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: кәсіби құзіреттілікті дамыту, тәрбиешілер мен әртүрлі жастағы тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністікті жақсартатын психологиялық әдістемелермен таныстыру.

Өткен ғасырдың 60-жылдары психотерапевт Эрик Берн топтық және тұлғалық өсу әдістемесі – транзакциялық талдауды жасап шығарды. Бұл әдіс адамдармен өзара әрекеттесуді жақсартатын, мінез-құлықтарының ішкі, көбінесе бейсаналық мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл тренинг транзакциялық талдаудың «Сипау» деп аталатын маңызды бөлігін қамтиды.

Тренинг барысында тәрбиешілер «Сипау», «Сипауға салынатын тыйымдар» және «Сипау банкі» ұғымдарымен таныстысты. «Сипау» заңдылықтары туралы мағлұмат алды. «Өзін-өзі жарнамалау», «Позитивті сипау» жаттығуларын орындады. Тренинг соңында психолог қатысушыларды қызықтыратын сұрақтар бойынша жалпы кеңес өткізді. Интернат тәрбиешілері мұндай тренингтердің қажеттілігін атап өтті.

Яндекс.Метрика