Қабылдау комиссияларының байланыстары

Эмоционалдық интеллекті дамыту бойынша топтық сабақ

2023 жылдың 14, 15 ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттерімен эмоционалдық интеллектті дамыту бойынша топтық сабақтар өткізілді. Іс-шараны Академияның педагог-психологы М.Б.Ибрагим өткізді.

Сабақтың мақсаттары студенттерді өз эмоцияларын қолайлы тәсілдермен көрсетуге, жанжалды жағдайларда баламалы мінез-құлық стильдерін табуға үйрету болды.

Іс-шарада келесі әдістер қолданылды: ашумен жұмыс істеуге көмектесетін «Әуе шары» жаттығуы, әлеуметтік қолайлы психологиялық өзін-өзі қорғау қажеттілігін түсінуге бағытталған «Зиянсыз жылан» өсиет әңгімесі, эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіру әдістері (аутотренинг).

Яндекс.Метрика