Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Эмоционалды интеллекті дамыту» топтық сабағы

Импульсивті реакциялар мен эмоцияларды басқару қабілеті өте маңызды, өйткені эмоциялар адамның әдеттен тыс және жиі өнімсіз мінез-құлқын тудыруы мүмкін. Өз эмоцияларын түсіну басқалардың эмоционалдық күйлері мен әрекеттерін тануға көмектеседі.

2021 жылғы 07, 10 және 27 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясында өзара түсіністік жолдарын кеңейту мақсатында кәсіптік білім беру колледжі мен ЖОО студенттеріне «Эмоционалдық интеллекті дамыту» топтық сабақтары өтті.

Сабақта студенттер эмоционалды интеллект ұғымымен, өз эмоцияларын реттеу әдістерімен танысты. Олар сезімталдық пен эмпатияны арттыруға бағытталған «Сезімді шеңбер бойынмен беру», «Затты тап» жаттығуларын орындады. Сондай-ақ, студенттер ауыр эмоцияларды саналы басқару бойынша ұсыныстар алды.

Сабақ соңында жасалған рефлексия студентермен эмоцияны басқару қабілетін дамытуға бағытталған кездесулер өткізудің маңыздылығын көрсетті.

 

Яндекс.Метрика