Қабылдау комиссияларының байланыстары

Көркем білім берудегі арт аренаның коллаборациясы мен инновациясы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ҚР белгілі қылқалам шебері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ҚР КА толық корреспондент мүшесі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, п.ғ.к, профессор, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Т.М.Қожағұловтың 60 жылдық мерейтойына байланысты «Көркем білім берудегі арт аренаның коллаборациясы мен инновациясы» атты халықаралық онлайн/офлайн ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияға қатысуға өнер мен мәдениет саласымен қатысты мамандар және жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар шақырылады.
Конференция қазіргі таңдағы көркем білім берудің негізгі мәселелері мен оның шешу жолдарына, инновациялық ғылыми зерттеу жұмыстарына, сонымен қатар әлемдік өнер мен мәдениет салаларының оқыту үрдісі мен пәнаралық байланыс жолдарының жаңа форматта жүргізілуіне арналады.

Ұйымдастырушы: Өнер, мәдениет және спорт институты
Конференцияның өткізілу мерзімі: 21 сәуір, 2022 жыл.
Басталу уақыты мен аяқталуы: 10:00 ден 18:00 ге дейін.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын және өзгеде тілдердер
Баяндамалармен сөз сөйлеу регламенті: 5 минуттан артық емес (+5 минут пікірталас)
Өткізілу формасы: онлайн, ZOOM платформасында және офлайн
Идентификатор: 305 578 4916
Код: 4HQDtD
Сілтемесі: https://zoom.us/j/3055784916?pwd=am5selZ5N1hQV2lXVExBSmNTK3NLdz09

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысу-тегін.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ. «Көркем білім берудегі арт аренаның коллаборациясы мен инновациясы»

Яндекс.Метрика