Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Күш біздің өзімізде» тренингі

2022 жылдың 13 мен 19 мамыры аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында педагог-психолог М.Б. Ибрагим кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттері үшін студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын, өзін-өзі позитивті бағалауды және өмірге деген оң көзқарасын дамытуға бағытталған «Күш біздің өзімізде» тренинг циклін өткізді.

Тренинг барысында студенттермен «Махаббат орындығы», «Мен жалғыз емеспін» сияқты жаттығулар орындалды. Бұл жаттығулардың мақсаты – студентке өзінің дүниеде жалғыз емес екенін, оның проблемаларымен жалғыз қалмауы керектігін ұғындыру болып табылады.

Қорытындылай келе, өзіндік рефлексия ретінде студенттер өмірдің мәнін не анықтайтыны – тағдыр немесе адамның өзі, қиындықтарды жеңу үшін өз бойынан күш-қуат табу туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика