Қабылдау комиссияларының байланыстары

Каждый 88

23.11.2021 жылы Академияда 38-ші Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енген “Каждый 88” (режиссері Дарья Лебедева) фильмі қаралып, талқыланды.

Фильмді ұжымдық қарауға және талқылауға академияның студенттері, магистранттары мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Фильмде қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарас мәселесі қозғалды. Дәлірек айтқанда, отбасындағы, мектептегі, ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті, адамның жалғыздығы, ауру жағдайына жеткізілген жалғыздық мәселесі көтерілді. Іс-шараға қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілік, төзімділік және сезімталдық туралы айтты.

Фильм көруді ұйымдастырушы ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және аккредиттеу бөлімі.

Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!

Яндекс.Метрика