Қабылдау комиссияларының байланыстары

Кеңестік шаруалардың отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени трансформациялану мәселелері

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 10.00-де «Кеңестік шаруалардың отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени трансформациялану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел № AP08052897 «Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстан шаруалары: әлеуметтік трансформация және күнделікті өмір» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.

Кеңестік шаруалардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени трансформациялану мәселелерін қайта қарастыру отандық және шетелдік тарихнамадағы өзекті мәселе болып қала беруде. Бүгінгі таңда мұрағаттардың ашылуы мен отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстанның шаруалары бойынша зерттеулердің белгілі бір санының пайда болуының нәтижесінде кеңестік кезеңдегі оның тарихын жаңа әдіснамалық тәсілдер тұрғысынан белсенді түрде қайта ойластыру жүруде. Қазақстан тарихындағы кеңестік кезең ауыл шаруашылығының дамуына түбегейлі әсер етті. Орталық басқару органдары республиканың еңбек бөлінісіндегі және жан-жақты дамудағы мүдделерін, өңірлік әлеуетті мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін аз ескерді. Елдің біртұтас халық шаруашылығы кешенінің әрекеті жағдайында республиканың орталыққа тәуелділігі күшейе түсті. Шаруалардың қиын жағдайының себептерінің бірі – оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, өмірі мен күнделікті өміріне әсер ететін әкімшілік жүйенің бөлінбейтін күші болды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – кеңестік шаруалардың отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгеру мәселелерін зерттеудің ерекшеліктерін анықтау.

Пресс-релиз Информ письмо круглый стол 22.09.22

Яндекс.Метрика