Жаңа оқу жылында оқу форматын түсіндіру бойынша сall-орталық номерлері: +7 (7172) 798-589 (КББ мектеп-колледжі), +7 (7172) 790-844 (ЖОО)
Виртуалды қабылдау: support@balletacademy.kz

«Колобок» ертегісін интерактивті оқу

Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері Халықаралық отбасы күніне орай «Story time» жобасы аясында отбасымен бірге «Колобок» ертегісін оқыды. Іс-шараға пандемия кезінде қашықтықтан оқып жүрген 1-3 сынып оқушылары қатысты.

Интерактивті оқу әсерлі өтіп, тәрбиеленушілер мен ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Осындай жобалардың арқасында балалардың ой-өрісі кеңейеді, кітап оқуға қызығушылығы мен кітапқа ұқыпты қарау дағдысы қалыптасады, ал ата-аналар балаларымен бірге уақыт өткізіп, өздерінің балалық шағына қайта оралғандай ерекше күй кешеді. Бала отбасында алғаш рет ата-анасының ыстық махаббатына бөленгенде аса қуанышты сезімде болады. Бұл оның ересек өмірге нық қадам басуының кепілі.  

Яндекс.Метрика