Қабылдау комиссияларының байланыстары

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша шаралар

Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша іс-шаралар кешенін сақтайды. 

Академия шәкірттері, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері COVID-19 алдын алу және қорғану әдістері жөнінде хабардар етілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбук парақшасында жарияланған ресми ақпаратына сәйкес, жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында келесі алдын алу шараларын сақтау қажет: 

– қол мен бетті сабынмен жиі әрі мұқият жуу;
– қолға арналған спирттік антисептиктерді пайдалану; 
– адам көп жиналған жерлерге бармау; 
– ауырған адамдармен байланыс жасамау; 
– салқын тиіп ауыру симптомдары пайда болған жағдайда (дене температурасының көтерілуі, мұрынның бітеліп қалуы, жөтел, тамақтың ауыруы) үйге шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда, 1406 номері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа  хабарласуға болады. 

Яндекс.Метрика